ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұмабай Байғалиев және ұзақ жыл бойы ұстаздық қызмет атқарған зейнеткер Жанат Төлегенқызы №419 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын таңдау науқанына қатысты.

Жұмабай Байғалиев – аудандағы халықтық «Алтын қазына» ансамблінің мүшесі, ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнер саласының өкілі. Жанат Төлегенқызы ұзақ жыл бойы ұстаздық етіп, бүгінгі таңда халықтық «Елім-ай» әжелер тобының құрамында өнер көрсетеді.
Ерлі-зайыптылардың сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық таңдауын жасауы ұлттық құндылықтар мен қоғамдық белсенділіктің сабақтастығын көрсетеді.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы