28.08.2026, 9:30
Оқылды: 81

28 тамыз – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Тылы мамандарының күні

Бүгін армияның үздіксіз жұмысын жан-жақты қамтамасыз ететін әскери қызметшілер – Қарулы күштердің Тыл мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жазды. 

f52bfb1b5c661a920f4fc15ea0665c7b_1280x720

Қарулы күштердің Тылы дербес құрама ретінде 1992 жылғы 28 тамызда құрылды. Қазіргі кезде бұл әскер қару-жарақпен және әскери техникамен, жанар-жағармай материалдарымен, азық-түлікпен, киім-кешек мүлкімен, көлікпен және басқа да қажетті ресурстармен жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Тыл жүйесінің қалыптасуында генерал-майорлар Сабыр Темірбеков, Дамир Халықов, Ораз Рақышев, Қаржығали Мұқатов, Алмас Ахмадиев, генерал-лейтенанттар Талғат Жанжүменов, Мұхамеджан Таласов және басқалары ерен еңбек етті. Сондай-ақ жүйенің дамуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров те маңызды үлес қосты. Бүгінде Тыл заманауи талаптарға сай жетілдіріліп келеді. Цифрлық және инновациялық технологиялар енгізіліп, материалдық ресурстарды есепке алу, қажеттіліктерді жоспарлау, қойма қорларын бақылау және қамтамасыз ету үдерістері автоматтандырылуда. Мүлікті цифрлық таңбалау жүйесі дамып, әскери логистика жетілдірілуде.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп тасымалдауды жеделдету және шығындарды оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері пысықталып жатыр. Тыл мамандарының жоғары кәсіби шеберлігі «Эшелон», «Айбалта – 2025», «Жауынгерлік достастық – 2025» және басқа да республикалық әрі халықаралық оқу-жаттығулар барысында бірнеше рет дәлелденді.

Тыл бөлімшелері сондай-ақ, ірі әскери-патриоттық іс-шараларды өткізуге және резервшілерді даярлауға да атсалысады. 34 жыл ішінде Тыл жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын заманауи, көпсалалы жүйе ретінде қалыптасты. Бүгінде Тыл бастығы басқармасы – Қарулы күштердің сенімді тірегі, әскерлерді тұрақты материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойылған міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ететін заманауи әрі тиімді жүйе.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале