31.08.2026, 16:45
Оқылды: 8

«BYTE & BOOK – Цифрлық заманның жаңа кітапханасы»

Дәл осындай атаумен бүгін Подстепное ауылдық балалар кітапханасында аудандық семинары өтті.

784981978_3431638813684655_4773975508873415551_n

Аталмыш семинарға Теректі ауданының әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов, Теректі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айгүл Кайрова, облыстық кітапханалардың директорлары, кітапхана саласының мамандары мен кітапханашылары сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.

-Бүгінгі игі шараға уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Кітап пен оқырманның арасын байланыстырып келе жатқан кітапханашылардың еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі семинардың да мән-мағынасы зор. Теректілік жас оқырмандарымызда түрлі байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп мерейімізді асырып келеді. Жас оқырмандардың көбейюі бізді қуантады. Алдағы уақыттада бұдан да үлкен жақсылықтарды күтеміз"- деді аудан әкімінің орынбасары Темірболат Мұхитұлы.

787245682_3431638807017989_8945735599764792211_n

Семинарға Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Уразаева, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Аманғалиева, Батыс Қазақстан облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана директоры Марфуға Айтқалиева құрметті қонақ ретінде қатысып, оң пікірлерін білдірді. Кітапхана қызметіне заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді енгізу, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа форматтағы жұмыс тәсілдерін таныстыру және тәжірибе алмасу семинардың басты мақсаты болып табылды.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи кітапхана қызметінің жаңа бағыттарымен танысты. Қатысушылар цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын кітапхана жұмысына енгізу, әлеуметтік желілерге заманауи әрі тартымды контент әзірлеу және оқырмандармен жаңа форматта тиімді қарым-қатынас орнату бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар практикалық жұмыстар мен шеберлік сабақтары өткізіліп, заманауи цифрлық құралдарды кітапхана тәжірибесінде қолданудың тиімді жолдары көрсетілді.

784961592_3431638950351308_2787672974317100875_n

«BYTE & BOOK»– кітап пен цифрлық технологияны тоғыстырып, заманауи кітапхананың жаңа мүмкіндіктерін танытатын кәсіби тәжірибе алаңы. Семинар кітапхана қызметін жаңғыртуға кітапханашылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және

оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін қалыптастыруға

бағытталды. Алдымен «Ғаламның жыр данасы» кітап көрмесімен таныстырған кітапханашылар, әріқарай «Абай дана, Абай дара!» кітап көрмесін тамашалатты. «LIBRARY NEXT – 2026: заманауи кітапханашының креативті ойлауы мен цифрлық мүмкіндіктері» атты тренингі өтті. Одан кейін «Парад книжных героев» әдеби-шығармашылық шеруі өткізілді. «Абай әлемі мен жасанды интеллект: білім мен технология үндестігі» таныстырылымы болды. «Абай даналығы & ЖИ сұрақтары» интеллектуалды викторинасы мен «ИИ – помощник современного библиотекаря» атты практикумы ұйымдастырылды. Семинар соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Темір Болат

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале