21.09.2026, 23:00
Оқылды: 5

Биыл карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында 1 377 заңбұзушылық анықталды

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау шеңберінде белгіленген фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің әкелінуіне жол бермеу бойынша тұрақты негізде тиісті шаралар қабылдауда, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

InShot_20260921_191442076

Фото: Agropresskz

2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары бұзылған 1 377 оқиға анықталды.

Оның ішінде ең көп 1 213 жағдай Ресей Федерациясынан өнім тасымалдау кезінде байқалған. Ал Қырғызстаннан өнім әкелу кезінде 153 заңбұзушылық, Армениядан 6, Беларусь Республикасынан 5 заңбұзушылық анықталды.

Карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау кезінде негізінен фитосанитариялық құжаттардың және қажетті таңбалаудың болмауы, өнімді қайталама тексеру жүргізу үшін ұсынбау, сондай-ақ карантиндік объектілердің анықталуы сияқты оқиғалар жиі кездеседі.

Барлық жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданады. Еліміздің өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале