22.09.2026, 12:45
Оқылды: 4

Бөрлі ауданы: Тарихы терең Қарақұдық ауылының бүгінгі тынысы

Бөрлі ауданы, Қарақұдық атауы құдықтың алыстан қарайып көрініп тұрғанынан бастау алған деседі. Ел аузындағы  әңгімеге сүйенсек, ертеректе бұл жерлерде құдықтар көп болған. Олардың суы мөлдір болса да түбі көрінбейді екен. Қараған кезде қап-қара шыңырау сияқты болады екен.  Содан  осы аймақтар Қарақұдық аталып кеткен.  Жалпы, Қарақұдық атауы көршілес аудандарда да бар болып шықты. Бүгінгі әңгіме өзіміздің Қарақұдық ауылы туралы. Негізінде, бұл ауылдың тарихы терең. Біреулер сонау Столыпин реформасы кезінде алғаш қоныстанған адамның аты Тихон болған екен десе, енді біреулер Тихонов ауылының атауы  осы төңірекке келген Тихон есімді пірәдардың азамат соғысы  уақытында  ақ қазақтардың  қолынан ату жазасына кесілген  14 қызыл әскерді  құтқарып  қалу құрметіне   қойылған  деседі. Сол Тихон деген кісі приходттық мектеп ашып,  ел тарихында сауат ашу кезеңі басталған маңызды уақыт  болып қалады. Біраз уақыт көршілес Теректі ауданының құрамында болғанына қарамастан, кейін өз ауданымызға қайта қосылып, ежелгі Құрақұдық атауы  беріледі.

Қарақұдық (2)     

Бүгінгі Қарақұдық

Қазіргі кезде 300-ге жуық тұрғыны бар, 7 түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатқан ауыл. Мектеп-бала-бақша кешені, кітапханасы мен клубы, спорт залы мен футбол алаңы да ауыл тұрғындарының игілігі үшін жұмыс жасайды.

Көктем шыға ауылда ең бірінші атқарылатын жұмыс  арықтарды тазалау. Және тағы да қосымша арықтар қазу екен. Өйткені ауыл су басу қаупі бар аймақта орналасқан.  Жыл бойы ауылдың санитарлық тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды жұмыстар жүргізіледі. Қыс мезгілінде ауылішілік көшелер мен әлеуметтік нысандар маңындағы қар уақытылы тазартылып, тұрғындардың еркін қатынауына жағдай жасалады. Ал  ауылдан тыс 13 шақырым жолды қардан «Гүлнұр» ЖК мердігері тұрақты түрде тазалайды.  Көлдер мен су арналарының жай-күйін жақсарту мақсатында ағын суларды реттеу және бөгеттеу жұмыстары тұрақты  жүргізіледі.  Заманауи үлгідегі қақпа орнатылып,  ауылдың сәулеттік келбетін жақсартуға,  елді мекеннің көркін арттыруға көп көңіл бөлінуде.  Ауылды көркейту және көгалдандыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпы экологиялық акциясы  аясында ауыл ішіне 300 ден аса ағаш отырғызылған. Ағаштарды суару, түптерін қопсыту, әктеу және санитарлық кесу жұмыстары да уақытында ұйымдастырылып отырады. Ауылды гүлдендіру, абаттандыру жұмыстарына ауыл тұрғындары да белсене атсалысады.  Бұл ауыл округі әкімі Төрехан Төлегеновтың  есебінен алынған мәліметтер.

Қарақұдықтағы  «Ауыл аманаты»  

Қарақұдық ауылдық округінде 11 шаруа қожалығы, 8 жеке кәсіпкер тіркелген. Олар бүгінде таңда еселі еңбек етуде. Солардың бірі қазақ халөының ежелі бағалы ас мәзірінің бірі – қымыз өндірісін қолға алуда екен. 2025 жылдың аяғына таман «Ауыл аманаты» жобасы аясында Дамир Ізбасар қымыз өндіру үшін қажетті жабдықтар алу бағытында 7,2 млн теңге көлемінде несие алып, қазіргі таңда қажетті жабдықтар алу үстінде. Нәтижесінде 2 жаңа жұмыс орны құрылады және қымыз өндірісі жолға қойылады, ауыл ғана емес, аудан тұрғындарының денсаулығын қорғауға қосылған үлес болады деп күтілуде. Өйткені алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, дайын өнімді ішкі нарыққа шығару көзделуде.

Қарақұдық (3) 

Инвестиция – ел игілігіне

Ауыл тұрғыны Руслан Темиргалиев ата кәсібіміз мал шаруашылығымен айналысады екен.  Ол 170 ірі қараға арналған «Мал шаруашылығы кешенін» іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы  құны - 20 млн.тг. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланған. Қазіргі таңда жоба бойынша қажетті жер телімін сату арқылы алу процесі жүргізіліп, рәсімдеуді күтіп отыр. Жоба толық іске асқан кезде 2 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

 Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығымен де айналысуды ұмытпаған. Олар өздерінің бау-бақшаларында түрлі көкөністерді өсірумен бірге қазіргідей  заманауи жылы жай жасауға құлшыныс білдірушілер де бар екен. Солардың бірі  Абдукарим Умаров «Жылыжай кешені» жобасын 2026 жылы іске қосуды жоспарлаған.  Жобаның жалпы құны – 5 млн теңге. Бүгінгі күнде жылыжайдың іргесі көтеріліп, қажетті инфрақұрылымның бір бөлігі дайындалған. Сонымен қатар 430 мың теңгеге құдық қазылып, суару жүйесіне қажетті жағдай жасалды. Жоба толық аяқталғаннан кейін  тұрақты жұмыс орындары  ашылады деп күтілуде. Алдағы уақытта кешенде жыл бойы көкөніс өсіріп, жергілікті халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сол сияты  Абдукарим Умаров та 2026 жылы «Ұжымдық бақша» жобасын іске асыруды жоспарлаған.  Қазіргі таңда жобаның бастапқы жұмыстары орындалып, 2 гектар жер жыртыл,ан, оның ішінде 25 сотық аумаққа 5 мың түп ағаш отырғызылыпты.  Алдағы уақытта аумақты толық абаттандыру, суару жүйесін орнату және қосымша көшеттер егу жұмыстары жалғастырылады. Жоба аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарына ортақ пайдалануға арналған жасыл аймақ қалыптасып, ұзақ мерзімді экологиялық және әлеуметтік пайда әкеледі деп  күтілуде.

Қарақұдық (1)

Ауыл неге мұқтаж?

Әрине, бәрі жақсы бола бермейтіні белгілі. Әсіресе, ауылда бірі жетсе, бірі жетпей жатады ғой.  Сол жетпейтін, жетіспейтін нәрсе туралы сұрағымызға ауыл әкімі  Төрехан Тельманұлының жауабы мынадай болды: «Ауыл аумағында электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында біршама ескі электр бағаналары ауыстырылып, жаңа жарық шамдары орнатылды. Нәтижесінде ауыл ішіндегі көше жарықтандыру жүйесі жақсартылып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайы едәуір жақсарды. Соған қарамастан бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Бұл бағытта әлі де біршама күш жұмсауға тура келеді, оған біздің ауылдық округтің әлеуеті жетпеуі мүмкін. Сонымен бірге ауылда интернет жүйесі нашар. Бүгінгідей технология қарыштап дамыған, сандық технологияның дәурені жүріп тұрған заманда біздің ауыл тұрғындары да осындай игіліктердің пайдасын көргілері келеді». Біз өз тарапымыздан онсыз да шағын ауылдардың бірі саналатын ауыл басшысының сөздерін баспа бетіне ұсынып, жергілікті халықтың еңбегіне береке тіледік.

Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале