25.09.2026, 23:00
Оқылды: 58

Қанат Бозымбаев: Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына мемлекеттік қолдау толық көрсетіледі

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, Ақтау қаласында төтенше жағдайдың себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысы өтіп, онда тергеудің алғашқы нәтижелері мен жәбірленушілерге көмек көрсету мәселелері талқыланды.

IMG_20260925_200901_692

Фото: mangystau_press

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық іс бойынша бес жоғары лауазымды әскери тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал тергеу жұмыстары толық көлемде жүргізіліп жатыр.

​Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев мемлекет қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тиесілі барлық міндеттемені толық көлемде атқарып, заңдағы кепілді төлемдерді кідірссіз жүзеге асыратынын, сондай-ақ тұрақты қолдау үшін арнайы мамандар бекітілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ меценаттар мен жанашыр азаматтардың қолдауымен арнайы қорға қажетті қаражат толық жиналуына байланысты қаражат жинаудың аяқталғаны жарияланды.

Қаржыны ашық, атаулы әрі әділ бөлу мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылып, құқық қорғау органдарына қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале