26.09.2026, 12:30
Оқылды: 10

Астананың 110 мыңнан астам зейнеткеріне Қарттар күніне орай ақша беріледі

Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

f235cefe5d274159677d45ebf230554bbf01fb34118ebfb9e87d85439162514a_1280x720

Фото: gov.kz

Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санатын айқындау қағидаларына сәйкес, елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімге сәйкес, әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале