26.09.2026, 14:30
Оқылды: 7

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер көшбасшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде орын алған қайғылы жағдай мен әскери қызметшілердің қаза табуына орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына әлем елдерінің басшыларынан көңіл айту жеделхаттары жаппай келіп түсуде.

InShot_20260924_193839061

Фото: tengrinews.kz

Жеделхат авторлары қазақстандықтардың қайғысына ортақтасып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, осынау ауыр сәтте Қазақстан халқымен тілектес екендіктерін жеткізді.

Атап айтқанда, көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Финляндия Президенті Александр Стубб, Вьетнам Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Бахрейн Тақ мұрагері әрі Премьер-министрі Салман бен Хамад Әл Халифа, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйым жетекшілері жолдаған.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың көрсеткен қолдауы мен жұбаныш сөздері үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале