28.09.2026, 17:15
Оқылды: 6

60 секундтық қауіпсіздік: жылыту маусымына дайындық

Күннің суытуымен пештерге, жылыту қазандықтары мен электр құрылғыларына түсетін жүктеме артады. Жылыту маусымы басталар алдында жылыту жабдықтарының, түтін мұржалары мен электр сымдарының жарамдылығын тексеру қажет. Пеш пен түтін мұржасы күйеден тазартылып, анықталған жарықтар мен ақаулар уақытылы жөнделуі тиіс, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі. 

55ddc1503bf443c0eea5bebe396c685df265044bdbf331d1c5cae2d12e625184_1280x720

Газ жабдығын пайдаланған кезде қосылу орындары мен желдету арналарының жай-күйін тексеріңіз, жұмыс істеп тұрған жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және қолдан жасалған немесе ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, пештер мен жылытқыштардың жанына тез тұтанатын заттарды қоймаңыз.

Жеке үйлерде пешпен жылытуға ерекше назар аудару қажет. Пешті жағар алдында түтін мұржасындағы тартудың қалыпты екеніне көз жеткізіңіз, от жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз және қызып тұрған пештің маңында балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Ең бастысы, үйге автономды өрт хабарлағышын орнатыңыз. Ол түтін пайда болған жағдайда дер кезінде дыбыстық белгі беріп, өртті ерте анықтауға көмектеседі. Жылыту маусымына дайындық көп уақытты қажет етпейді, алайда өрт қаупін азайтып, үйіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале