29.09.2026, 17:15
Оқылды: 8

Казталов ауданында руханиятқа бастар тағылымды жоба қорытындыланды

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен «Мен оқыған 30 кітап» жобасының қорытынды жиыны өтті.

image-29-09-26-04-43-1

Аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған тағылымды жоба бірнеше жылдан бері өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, көркем шығарма арқылы рухани дүниесін байытуға бағытталып келеді.

Аудан әкімі өз сөзінде кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызына тоқталып, мұндай жобалардың жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ұлттық руханиятқа деген құрметін қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

– Кітап оқу – уақыт өткізу емес, адамның өзін-өзі тануына, дүниені терең түсінуіне жол ашатын рухани мектеп. Бүгінгі жас ұрпақтың кітаппен жақын болуы елдің ертеңіне салынған инвестиция. Сондықтан оқырман ұрпақ қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды, – деді аудан әкімі.

image-29-09-26-04-43-6

Жиын барысында жобаның биылғы кезеңінің қорытындысы шығарылып, байқауды ұйымдастыруға және оның мазмұнды өтуіне өз үлесін қосқан бірқатар азаматқа аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар рухани байқаудың аудандық кезеңі жарияланды.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале