30.09.2026, 17:15
Оқылды: 8

Бөрлі ауданында әйелдерді қолдау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды

Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ерік Төлепқалиев төрағалық етті.

WhatsApp Image 2026-09-30 at 16.29.07

Отырыста «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыру, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық сауаттылықты көтеру және адал еңбек пен кәсіпкерлік арқылы табысқа жеткен әйелдерді қолдау мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысында Ерік Төлепқалиев ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікпен айналысуына, білім алуына және жұмыспен қамтылуына жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ адал еңбекпен жетістікке жеткен аудан әйелдерінің тәжірибесін БАҚ пен әлеуметтік желілерде насихаттауды тапсырды.

WhatsApp Image 2026-09-30 at 16.29.07 (2)

Сонымен қатар Мейірімділік айлығы аясында жалғызбасты және көпбалалы әйелдерге кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетуді ұйымдастыру, 18 қараша – Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күніне арналған іс-шараларға қолдау көрсету және келесі комиссия отырыстарына ауыл әкімдерінің қатысуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

WhatsApp Image 2026-09-30 at 16.29.07 (1)

Аталған жұмыстар бойынша жауапты мекемелер желтоқсан айына дейін атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынатын болады.

 

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале