30.09.2026, 21:00
Оқылды: 3

​Бішкекте Қазақстан киносы күндері басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр.

InShot_20260930_190210624

Фото: madenietaqparat

Көрсетілім аясында көрермендер «Qaitadan», «Жабайы» көркем фильмдері мен «Алтын Адам» анимациялық туындысын тамашалай алады.

Шараның ашылу салтанатында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов пен Қырғызстан Кинематография департаментінің директоры Талантбек Төлөбеков екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ «Алтын Адам» анимациялық фильмінің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы және «Жабайы» картинасының авторы Дамир Әбілханов қырғызстандық көрермендермен кездесіп, өз туындыларын таныстырды.

Бұл бастама отандық кинематографияны насихаттап қана қоймай, екі елдің кино саласы өкілдері арасындағы кәсіби байланысты кеңейтуге ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале