30.09.2026, 20:00
Оқылды: 6

Дәстүрлі әнші Қайрат Кәкімов жаһандық рекорд орнату жолында 100 әнді орындап шықты

Дәстүрлі ән өнерін жаһандық деңгейде жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба жалғасуда.

IMG_7441

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының әртісі Қайрат Кәкімов домбыраның сүйемелдеуімен үздіксіз орындаған әндерінің санын жүзге жеткізді. Қос ішектен төгілген әуен мен қоңыр дауыстың астасуы ұлттық өнердің сан ғасырлық сарынын тағы бір мәрте айшықтады.

Алға қойылған жалпы мақсат – барлығы 132 дәстүрлі әнді бастан-аяқ орындап шығу. Қазіргі таңда өнерпаздың алдында соңғы 32 әннің асуы қалды.

Айжан Амангельдина, 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале