Қазақтың дәстүрлі ән өнері үшін тарихи белес бағындырылды.

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордты жаңарту жобасы аясында алғашқы 50 әнді домбырамен орындап шықты.
Бастапқы елу туынды қатарына халық әндерімен қатар қазақ дәстүрлі өнерінің саңлақтары Ғарифолла Құрманғалиев пен Мұхит Мерәліұлының шығармалары енді.
Алға қойылған меже – 132 әнді бастан-аяқ домбырамен орындау мақсатында өнерпаздың сапары жалғасуда.
Айжан Амангельдина,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі