Ұстаз - болашаққа жол сілтейтін шамшырақ. Мектеп - білімнің бастауы, тәрбиенің түп қазығы.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле», - дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық.
Әр адамның жүрегінде өз ұстазына деген ерекше құрмет,шексіз алғыс болады.Себебі ұстаздың еңбегі ешқашан өлшенбейді,оның еңбегі мәңгілік!
Осы мақаламда осындай үлкен еңбектің адал қызметкері ,әріптесім Қанатова Гүлсім Жұмашқызы туралы сөз қозғағым келеді.

Гүлсім Қанатова 1965 жылы желтоқсан айының 16 күні Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келеді.
1973 жылы Алғабас орта мектебінің оқушысы атанып, 1982 жылы аталған мектепті аяқтайды.Арман қапшығын арқалаған жас талапкер 1982 жылы Тамбов қаласындағы (ТГПИ) педагогикалық институттың филология факультетіне жол тартады. 1987 жылы педагогикалық институттың филология факультетін аяқтап, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алады. Мамандық бойынша 1987 жылдан бастап алғашқы еңбек жолын Сырым (Жымпиты) ауданы Ақырап ауылының негізгі мектебінен бастайды.
1987 – 2015 жылдар аралығында аталған мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беріп, жастық жалынмен мектеп өмірінің майданына араласып кетеді. Гүлсім Жұмашқызынан ауыл қарадомалақтарына орыс тілін меңгерту оңай болды ма деген сұрағыма : «Алдыңа келген қазақтың қара домалақ ауыл баласына орыс тілін меңгерту былай тұрсын,орысша сабақ берудің өзі қиын еді» дейді ұстаз. Осы саланы сүйіп таңдап мұғалімдік қызметті бастағаннан кейін түрлі қиын да қызық сәттердің куәсі болған. Жас маман өз ісінің шебері болуға дайын еді. Арада бірнеше жылдар өтіп,сол шағын да болса шаруасы бастан асатын білім ошағының жандануына, алда болуына уақытпен санаспай жұмыстанады.Осындай үлкен еңбектің еленгені болар, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі міндетін атқару деңгейіне дейін жауапты қызметті атқарады.
Жылдар өтіп,ауыл халқының қалаға қарай қоныс аударуына байланысты,бала саны азайып мектеп бастауыш буын болып қалыптасты.
Кейіпкеріміз 2015-2016 оқу жылында ЖББ Жаңаөңір негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып жұмысын жалғастырады. Белгілі себептермен бала санының аздығына байланысты ол мектепте жабылды да 2016-1017 оқу жылынан бастап М.Қаналиев атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінде мамандығы бойынша еңбек жолын жалғады.
Қазіргі уақытта Гүлсім Жұмашқызы қырық жылға жуықтап қалған қызметін күні кеше келген жас мамандай атқарып жүреді. Осы мектепке келгеннен бері әріптес болып бірге жұмыс жасап келемін. Гүлсім Жұмашқызы ешқашан сабаққа кешігіп немесе сабақ өткізбей қалған күні болған емес. Өз ісіне әрқашан жауапкершілікпен қарайтын, өз ісіне мұқият, өте ұқыпты маман ретінде жоғары бағалаймын. Еңбек жылдары да жетістікке толы. Алдынан өткен бірнеше шәкірттері қоғамға түрлі салада қызмет атқарып, апайдың есімін жиі қайталайтындары да жаныңа жылулық ұялатады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы »демекші, апайдың еңбек жолындағы әр жылдардағы оқушы жетістіктері де дәлел бола алады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандықкезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Сағынғалиева Асылай, Ғалиақпар Ербол ,Бейбіт Инабат,Ермек Асыл бірнеше есімді оқушыларыреспубликалық олимпиаданың аудандық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі орындарға ие болып, алған жетістіктерін айтуға болады.
Ерінбей еңбек ететін ұстаздың тағы бір ауыз толтырып айтуға болатын тұсы - мұғалімнің шеберханасы, өз шығармашылығы. «Үздік инновациялық сабақ» сырттай бейне сабақтар байқауына қатысуы, «Сапалы білім сапалы сабақтан» ашық сабақтар шеруінің аудандық кезеңінде жүлделі III орын иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылған аудандық «Педагог-новатор»байқауында «Шебер педагог» номинациясымен марапатталды. Білім беру жүйесін дамыту ісі ұстаздық еңбек жолында әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар жасақтап,аудан және облыс көлемінде таратты. 2014 ж. «Занимательная грамматика» 2018ж.«Формирование читательской грамотности на уроках литературного чтения на основе коммуникативно-деятельного подхода». 2022 ж. Прикладной курс по подготовке к ЕНТ в 10-11 классах. «Все о Синтаксисе и Пунктуации». Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында өткізілген аудандық «Пушкин оқушылары» байқауында жүлделі IIIорын алғаны үшін жетістігі бар,орыс тілі пәні мұғалімдерінің «Актуальные вопросы совершенствования профессиональной компетентности учителя русского языка и литературы для эффективного обучения»тақырыбындағы семинарда алғыс хатқа ие болды.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орыс тілі пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Компетентный учитель» атты сырттай байқауында жүлделі IIIорын және пән мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылған «Знай, люби, читай Чехова»лингвистикалық турнирінің аудандық кезеңіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталыпты. Осындай тоқтаусыз еткен әр жылдардағы еңбегі ескеріліп, БҚО Білім беру жүйесін дамыту ісіне үлес қосқаны үшін «Құрмет Грамотасы» мен марапатталады.
Көп жылғы жемістің үлкен бақшаға айналуында сөзсіз отбасының қолдауы тұрады. Гүлсім апай жолдасы Оразбек ағаймен шаңырақ көтеріп,екі қыз тәрбиелеп, жиендердің қызығына бөленіп отырған аяулы ата мен әже.
«Қаншама жерден бала жанының бағбаны болса да, ұстаз деген атқа лайық ететін шәкірттері.
- Шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді! - зейнеткер жасына бір табан жақын тұрған ардақты ұстаз.
Арайлым Серікбайқызы,
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, педагог- зерттеуші, магистр
Сырым ауданы