2.10.2026, 13:00
Оқылды: 6

Бөкей ордасының 225 жылдығында елге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

Бөкей ордасының 225 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шара Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау сөзімен басталды. Өңір басшысы өз сөзінде Бөкей ордасында іске асырылған игі істерді тілге тиек етіп, ұлы тойдың ел еңсесін тіктеуге өзгеше бір серпін бергенін айтып өтті.

IMG-20261002-WA0054
Сахна төрінен табылған танымал театр және кинорежиссер, Қазақстанның «Халық әртісі», «Парасат» орденінің иегері, «Жәңгірдің жаңғыруы» деректі фильмінің авторы Талғат Теменов пен Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Нұрлыбек Бірмановтар да Бөкей тарихына жаңаша көзқарас керектігін баса айтты. Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов:
-Бұл мерейтой – өткенге тағзым жасап қана қоймай, елдік пен бірліктің, рухани сабақтастықтың қадірін ұғындыратын тағылымды мереке, - деп ел тойына қолдау білдірген аудан азаматтарына алғысын білдіріп, қонақтарға "қош келдіңіз!" айтты.

IMG-20261002-WA0064
Салтанатты шара марапаттаумен жалғасты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына маңдай терлері сіңген аудан азаматтары Бөкей ордасының 225 жылдығына орай арнайы мерейтойлық медальдермен марапатталды. Атап айтқанда, сот-құқық саласының майталманы Амангелді Рысқалиев, Бөкей ордасы ауданының тумасы, белгілі киноактер.

IMG-20261002-WA0067

Қазақстан кәсіпқой киноактерлер гильдиясының төрағасы Нұрлыбай Есімғалиев, еңбек ардагері Елеу Аманов, белгілі театр және кинорежиссері. Қазақстанның «Халық әртісі», «Парасат» орденінің иегері, танымал режиссер Талғат Теменов, еңбек ардагері Нұрлыбек Бірманов, ардагер ұстаздар Хайролла Сабиров пен Каспи Жахатов, ауданның құрметті азаматтары, әр жылдары лауазымдық қызмет атқарған Айдар Батырханов, Мұқас Спандияров, еңбек ардагері Жеңіс Бисенбаев пен Ерболат Таңатов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, өлкетанушы, ардагер журналист Амантай Хамзин, дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, еңбек ардагері, көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Қаламқас Жасқалиева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің деканы, техника ғылымдарының докторы Ермек Айталиев, еңбек адамдары Қазболат Хабиев пен Ахметкерей Салауатов, медицина саласының ардагері Әділгерей Ғаббас, мәдениет саласының ардагері Күләш Ілиясова, 2013-2021 жылдары Бөкей ордасы ауданының әкімінің қызметін атқарған Нұрлан Рахымжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағым Тәжмұратовтар марапатталды.

IMG-20261002-WA0055 IMG-20261002-WA0070

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале