2.10.2026, 14:30
Оқылды: 9

«Қаладан – ауылға»: Казталов ауданында жаңа қоныс иелеріне баспана кілті табысталды

Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде «Қаладан – ауылға» жобасы аясында жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды. Баспаналы болған отбасылардың қуанышына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев ортақтасты.

image-02-10-26-11-14-2

Жаңа қонысқа Марс Қойшыбаев пен Жанаргүл Бисенғалиева, Бағдаулет Құмаров пен Дильназ Бахытова ие болды.

image-02-10-26-11-14-4

Үш баласымен Еңбек ауылына қоныс аударған Бағдаулет Құмаров жаңа мекенде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек етпек. Жас отбасы үшін баспана тұрмыстық жағдайды жақсартудың ғана емес, ауылмен бірге тамыр жаюдың мүмкіндігі.

image-02-10-26-11-14-5

— «Қаладан – ауылға» бағдарламасы бойынша Еңбек ауылына көшіп келіп отырған жас отбасымыз. Осындай игі істердің жүзеге асуына қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, облыс әкімі Нариман Төреғалиұлына және аудан әкіміне алғысымызды білдіреміз. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруға келіп жатырмын. Үш баламмен бірге ауылға қоныстанып, болашақта ауылдың дамуына өз үлесімді қосамын деген сенімдемін, – дейді Бағдаулет Құмаров.

image-02-10-26-11-14-9

Ал Марс Қойшыбаев үшін жаңа қоныс – ауыл шаруашылығымен айналысып, кәсібін дамытуға берілген мүмкіндік. Жоба аясында оған мал және құс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетіліп, 10 қой мен 2 ірі қара берілген.

image-02-10-26-11-14-1

— «Қаладан – ауылға» жобасымен Еңбек ауылына көшіп келдім. Мал және құс шаруашылығымен айналысуға қолдау көрсетіліп жатыр. 10 қой, 2 ірі қара берілді. Осы қолдаулары үшін облыс әкімі Нариман Төреғалиұлына, аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлына және ауыл әкімі Арман Максимұлына алғысымды білдіремін. Балам мектепте оқиды, отбасыммен бірге ауылға орнығып жатырмыз. Алдағы уақытта мал, құс шаруашылығы мен агроөнеркәсіп бағыттарын дамытып, ауылдың өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Марс Қойшыбаев.

image-02-10-26-11-14-8

Бұл «Қаладан – ауылға» жобасының әлеуметтік мәнін айқындайтын нақты мысал. Бір отбасы ауыл мектебіне ұстаз болып келсе, енді бірі ауыл шаруашылығын дамытуға ниетті. Яғни жоба тек тұрғын үймен қамтамасыз етуді емес, ауылға еңбек ресурсын тартуды, жаңа кәсіп бастауға мүмкіндік беруді және елді мекендердің экономикалық әлеуетін арттыруды көздейді.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

image-02-10-26-11-14-3

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале