Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалау мақсатында қорытынды тексеріс басталды.

Тексеріс барысында әскери қызметшілердің дене шынықтыру, атыс, тактикалық және саптық даярлығы, сондай-ақ теориялық білімі сыналады.

Әскери қызметшілер белгіленген нормативтерді орындап, оқу кезеңінде алған білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетеді.

Қорытынды тексеріс қазан айының соңына дейін жалғасып, оның нәтижелері бойынша жазғы оқу кезеңіне қорытынды жасалады.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі