5.10.2026, 14:45
Оқылды: 12

Әрбір үшінші сынама талапқа сай емес

2026 жылдың басынан бері «Жол Сапа» (Жол активтері сапасының ұлттық орталығы) жергілікті жол желісіндегі 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасына зерттеу жүргізді. Зертханалық сынақтардың нәтижесінде олардың 32 пайызы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

f3ad425e-ef40-4267-a7f9-c247697795f7

Бұл деректер Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің жанында ұйымдастырылған «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» атты семинар-кеңесте айтылды. Жиынға өңірлер мен «Жол Сапа» филиалдарының өкілдері қатысты.
Зерттеу нәтижелері жергілікті жолдардың сапасы мәселесі жол-құрылыс материалдарын қолдану кезеңінің өзінде-ақ өзекті екенін көрсетеді. Зертханалық сынақтар сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтап, олардың жол нысанының сапасы мен қызмет ету мерзіміне әсер етпеуіне дейін тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

b2c31e07-0522-4783-ae83-3225f11bb9ea

Сонымен қатар анықталған бұзушылықтарды жою мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялық бұзушылық пен ақау тіркелген. Бүгінде оның 214-і жойылды, ал 1 783-і әлі де жойылмаған. Яғни анықталған бұзушылықтардың 90 пайызға жуығы жойылмай отыр.
Бұдан бөлек, 2024-2026 жылдары жергілікті атқарушы органдар 1 127 жол нысанын қабылдаған. Олардың бірқатарында жүргізілген тексерулер барысында сәйкессіздіктер анықталған.

Семинар барысында өңірлердің өкілдері мен «Жол Сапа» мамандары нақты проблемалық нысандарды, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және анықталған ақаулардың уақытылы жойылмау себептерін қарастырып жатыр. Бұл ретте техникалық қадағалау, мердігер ұйымдар, жергілікті тапсырыс берушілер мен Орталық мамандары арасындағы өзара іс-қимыл мәселесіне ерекше назар аударылды.

f271ad30-1cf5-4760-a7ae-58465b0c5068
Жиынның тағы бір маңызды бөлігі қолданыстағы нормативтік базаға қатысты болды. Қатысушылар қолданыстағы нормаларды қайта қарау және талаптардағы орын алып отырған алшақтықтарға байланысты нормативтік құжаттарға кешенді ревизия жүргізу қажеттігін атап өтті. Нормативтік базаны өзектендіру жол жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасын бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге тиіс.

5c2e8262-4a96-44ec-b45e-f9db624b2345
Жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті жол желісінің сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленіп, анықталған бұзушылықтарды жоюға жауапты тұлғалар мен мерзімдер айқындалады. Сонымен қатар нормативтік базаны өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Сондай-ақ жергілікті жол желісіне қатысты үш жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және өңірлік әрі республикалық деңгейлерде шешуді қажет ететін мәселелерді айқындау көзделіп отыр.

Негізгі ұстаным өзгеріссіз қалады: анықталған сәйкессіздік тек тексеру нәтижесінде тіркеліп қана қоймай, белгіленген мерзімде міндетті түрде жойылуы тиіс.

"ЖАСҰО" РМК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале