Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында полиция қызметкерлері жайылымнан алты жылқыны ұрлау фактісін ашты, — Polisia.kz.

Биыл қыркүйек айында жайылымдық жерден екі тұрғынға тиесілі алты жылқы ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар ауданның екі тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұрланған жылқылардың алдымен бір қораға қамалғаны, кейін автокөлікпен Атырау қаласына жеткізіліп, сатылғаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңда белгіленген процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.