Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндіріліп, бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық болды (өткен жылы 122,3 мың тонна өндірілген еді).

Фото: pixabay.com
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 3,9%-ға өсті. Осы кезеңде күріш экспорты 25,3%-ға ұлғайып, сыртқы нарыққа жеткізілген өнім көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға жетті, ал экспорт құны 24,7 млн АҚШ долларын құрады.
Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.
Сонымен қатар аталған кезеңде күріш импорты 70,7%-ға төмендеп, жеткізілім көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға (құны 9,0 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына) азайды, ал негізгі жеткізушілер қатарына Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан енді.