7.10.2026, 19:00
Оқылды: 5

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

​Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндіріліп, бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық болды (өткен жылы 122,3 мың тонна өндірілген еді).

allybally4b-rice-3997767_1920

Фото: pixabay.com

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 3,9%-ға өсті. Осы кезеңде күріш экспорты 25,3%-ға ұлғайып, сыртқы нарыққа жеткізілген өнім көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға жетті, ал экспорт құны 24,7 млн АҚШ долларын құрады.

Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.

Сонымен қатар аталған кезеңде күріш импорты 70,7%-ға төмендеп, жеткізілім көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға (құны 9,0 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына) азайды, ал негізгі жеткізушілер қатарына Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале