8.10.2026, 12:30
Оқылды: 7

Сырым аудандық жас экологтар балықтарды құтқару акциясын өткізді

Аптаның басы педагогтардың кәсіби мерекесімен басталды. Әр жерде салтанатты жиын, сәнді кештер. Бірақ, Сырым аудандық М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінің тәлімгері Нұрболат Жұмағазиевтің мереке тойлайтын әсте уақыты жоқ. 

b1dc3412-e3bc-4547-ae44-e46759d89440

Көктемде өзен суы жайылған тоғандарда шабақ шоршып жатыр. Бірер айда су қатса, балықтардың қырғыны болады. Түсінген жүрек, түйсінген сана үшін бұл - экологиялық апат.

af16ee0e-b4c4-48b1-ab37-a86c63886df5

Нұрболат Серікұлы кешелі бері өзінің сенімді серіктері - “Экоқорғаушылар” үйірмесінің мүшелерімен қап-қап шабақ сүзіп, Аңқаты өзеніне салды. Санын есептеу мүмкін емес, бірақ әр тіршілік иесінің өмір сүруге құқы бары анық.

c67e91d6-5c84-47cd-b8e0-4c248ade569c

Жасыл жауынгерлердің экоакциясына Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары да қатысты. Себебі, табиғат тек Молдаш мектебінің оқушыларына емес, бәрімізге қымбат.

6cf0e585-bc57-4fc1-8a29-b31f97febffb

Айта кетейік, кеше балықтарды құтқару операциясына “Экоқорғаушылардың” жаңа буыны шықты. Аға буын бүгінде мектеп бітіріп, студент атанған.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале