ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен Үкімет отырысында ағымдағы жылдың соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.

Фото: KZgovernment
Атап айтқанда, құрылыс саласында 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру басым міндет болып қала береді. Үкімет басшысы жаңа тұрғын үйлер толық абаттандырылып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгеннен кейін ғана берілуі тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, халыққа арналған тұрғын үй бағдарламаларының бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізу тапсырылды.
Ал газ саласында жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 64,5%-ға жеткізу жоспарланып отыр.