13.10.2026, 22:30
Оқылды: 5

Жаңақала ауданында белгілі тұлғалар Серікқали Шарабасов пен Жанғали Набиуллин рухына арналған ауқымды шара өтті

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылындағы М. Жүнісов атындағы мектепте филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ғалым-ұстаз Серікқали Шарабасовтың туғанына 80 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

a3171592-6cb8-4fc6-82e1-60db2db9f5f8_edit_97145652745233

​Меймандарды аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар мен аудандық білім бөлімінің басшысы Бегайым Төлеуғалиқызы қарсы алды. Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері — ақын Айтқали Нәріков, Алпамыс Бектұрғанов, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО филиалының төрайымы Дариға Мұштанова, Ғайса-Ғали Сейтақ, Бауыржан Ғұбайдуллин, Дариға Нұрашева, Талап Таймасұлы, сондай-ақ Жамиға Бергенғалиқызы, Закария Сисенғали, Бөкей Ордасы ауданынан келген мұғалімдер мен өңірдің тіл мамандары қатысты.

Конференция барысында №3 ЖОББМ мұғалімі Рая Рахымқызы баяндама жасап, ардагер-ұстаз Нұрсұлу Галимуллина естелік айтты. Жиында Талап Таймасұлы «Жайықтың жыр жампозы» кітабын мектеп директоры Лунара Әнуарқызына тарту етті, ал Ғайса-Ғали Самиғоллаұлы арнау өлең оқыды. Бегайым Есенғалиева қатысушыларға БҚО әдістемелік орталығының сертификаттарын табыстады.

Конференция аясында Серікқали Шарабасовтың атындағы арнайы кабинет ашылып, лентаны Нұрсұлу Галимуллақызы пен Дариға Ғазизқызы қиды, сондай-ақ Азамат Бақиев арнау оқыды.

7647808b-df38-4826-acab-823091f4bd53_edit_97159557492623

​Түстен кейін шара ел тарихында із қалдырған азамат Жанғали Набиуллиннің туғанына 90 жыл толуына орай Жаңақазан ауылдық мәдениет үйінде «Жыр жаңғырығы — Жанғали» атты әдеби-танымдық кеште жалғасты.

Фойеде келіндер мен әжелер ансамблі өнер көрсетіп, модельді кітапханашы Рауана Төлеуғалиева библиографиялық шолу жасады.

Жанғали Набиуллин атындағы оқу залының лентасын Айтқали Нұрышқалиұлы мен Алпамыс Бектұрғанов қиды. Кітапханашы Лунара Асылбекқызы көрмемен таныстырды, ал музей меңгерушісі Сыйлыхан Жұмасалық баяндады. Жиында аудандық мәнерлеп оқу байқауының жүлдегерлері марапатталды.

InShot_20261013_232335572

Кеш соңында Қазақстан Жазушылар Одағының БҚО филиалына аудан әкімінің атынан алғысхат пен 250 мың теңгелік ақшалай сертификат табысталды.

b52346ba-a59b-4f92-a9d5-c978962c508c_edit_97076728794009

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале