15.10.2026, 9:00
Оқылды: 13

Жұмыс беруші заң талаптарын бұзған: құтқарушы қызметіне қайта алынды

Орал қаласының №2 соты жұмыстан заңсыз босату туралы талап қоюын қанағаттандырды.

IMG_20261015_062130_459

Іс материалдарына сәйкес, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан босатқан. Алайда жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап ету жөніндегі заңды міндетін орындамаған.

Сот жұмыс берушінің бұл әрекеті еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылып, оның пайдасына бос жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары ретінде 350 000 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале