ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман қорын сақтау, өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру және орман өрттерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Фото: EcologyofQazaqstan
Осы міндеттерді іске асыру аясында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы «Ертіс орманы» және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қолдауымен ауқымды экологиялық жоба жүзеге асырылуда.
Жоба «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылық жобаларының бірыңғай операторы Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен іске асырылуда. Оның жалпы бюджеті 500 миллион теңгені құрайды.
Жоба аясында 1,2 мың гектардан астам аумақта 5 миллион қарағай көшетін отырғызу көзделген. Оның 2,5 миллионы биылғы көктемгі маусымда отырғызылды. Қалған 2,5 миллион көшетті отырғызу жұмыстары күзгі кезеңде жалғасып, қазіргі уақытта аяқталуға жақын.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – орман өрттерінен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, орман қорын молықтыру және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету.