17.10.2026, 12:30
Оқылды: 5

Пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының қолжетімділік талаптарына сәйкестігі тексеріледі

ҚР Еңбек министрлігінің дерегі бойынша, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша министрліктің аумақтық департаменттеріне пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін 562 өтініш түскен.

IMG_20261017_104135_651_edit_20604187532816

Фото: enbekgovkz

Оның 147-сіне (26%) сәйкестік декларациясы келісілсе, 259 өтінішке (46%) бас тартылды, ал қалғандары әлі қаралу үстінде.

Келісімнің берілмеуіне нысандардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмеуі, атап айтқанда, пандустарда тұтқалардың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы және есіктердің тар болуы себеп болған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі күшіне енуіне байланысты биыл 1 шілдеден бастап аумақтық департаменттер құрылыс нысандарының осындай санаттағы азаматтарға қолжетімділігін зерделеп, тиісті декларацияларды келісу міндетін атқарып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале