20.10.2026, 9:45
Оқылды: 18

Оралда өрт кезінде 12 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды

Оралда көпқабатты үйдегі өрт кезінде әйел құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, - деп жазады 112. 

жп мамандар галериясы өрт сөндіруші (11)

Сурет: Сайт архивінен 

«112» пультіне Орал қаласындағы Гагарин көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде екінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері әйелді құтқарды. Сонымен қатар жоғарғы және төменгі қабаттардағы пәтерлерден 12 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды.

Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале