21.10.2026, 14:30
Оқылды: 16

Оралда туризм және спорт министрлігі кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті

 

Орал қаласында жасөспірімдер арасында Туризм және спорт министрлігі кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің өңірлерінен келген спортшылар қатысуда.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.10.58

Турнир аясында бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таэквондодан жарыстар өтеді. Бәсекеге облыстық және республикалық спорт мектеп-интернаттарының 17 командасы қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.11.00 (1)

Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт резерві, әдістемелік қамтамасыз ету және ғылым басқармасының басшысы Ермек Қоспанов, сондай-ақ ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы, турнирдің бас төрешісі Асқар Қадиров қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.10.59 (2)

Рәсім барысында Бақдәулет Маратұлы Сәбитов қатысушыларды Ақжайық өңірінде қарсы алып, жарыстың жас спортшылардың шеберлігін шыңдаудағы және спорттық тәжірибесін арттырудағы маңызын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.10.59 (1)

«Бүгінгі жарыс – тек жеңімпазды анықтайтын дода ғана емес, болашақ чемпиондар шыңдалатын алаң. Осындай республикалық деңгейдегі жарыстар жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, ел спортының дамуына серпін береді. Барша қатысушыға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілеймін», – деді басқарма басшысы.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.11.00

Бірнеше күнге жоспарланған жарыс барысында жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

БҚО спорт басқармасы

WhatsApp Image 2026-10-21 at 15.10.59

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале