21.10.2026, 16:15
Оқылды: 10

Қаратөбе ауданында мал шаруашылығының көрсеткіштері артқан

Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мусағалиев ауыл тұрғындары алдында есеп берді.

image-21-10-26-03-17-3

Алдымен тұрғындар алдында есеп берген округ әкімі Әділет Мусағалиев округ бойынша есепті кезең ішінде атқарылған жұмыстарды саралап, ағымдағы уақытта жүзеге аспақ жұмыстарға тоқталды.

Қоскөлдік тұрғындар алдында сөз сөйлеген аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы есепті кезеңде аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ауданның түрлі салаларындағы нәтижелі жұмыстарды жан-жақты саралай отырып ауылшаруашылығы саласына тоқталған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

– Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті өндірісті қолдау да аудан экономикасын әртараптандырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, инвестиция тарту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нақты шаралар қабылдануда.

image-21-10-26-03-17-2

Соңғы жылдар аралығында ауданның ауыл шаруашылығы саласында бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқан.

Ауданда бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешені саласында 421 шаруашылық жұмыс жасайды. Оның ішінде асыл тұқымды шаруашылықтар  бүгінгі күні 88 болып, 66,6% өсіп отыр.

Аудан бойынша мал басының өсуін ерекше атап өтуге болады. Соңғы бес жылда ірі қара малы 38,3 мыңнан 61,9 мың басқа өсіп 161,3% құрады. Ұсақ мал басы саны 82,8 мыңнан 98,4 мың басқа өсіп 118,9% құрады. Жылқы малы саны 12,6 мың бастан 18,0 мың басқа дейін артып, 142,8% құрады, - дей келе алдағы уақытта атқарылмақ жұмыстарды да атап өтті.

image-21-10-26-03-17-4

Есеп беру жиналысында сөз сөйлеген ауыл ақсақалы Серік Нығыметов ауылда пошта қызметкерінің жоқтығын, Шалғын ауылы жолының сапасы жөнінде, тұрмысты қатты қалдықтар полигонын ретке келтіру, Қаржауоватындағы саябақты күтіп ұстау, ауыл балаларына домбыра үйірмесін ашу жөнінде пікірі мен ұсыныстарын айтып өтті.

Қоскөл ауылының тұрғыны Ерлен Жәметов ауыл балаларын спорттық жарыстарға апаруға көлік қажеттігіне тоқталды.

Қойылған сұрақтарға  ауыл азаматтары тиісінше жауаптар алды.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале