Аталған сенбілік Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Аудан тұрғындары қоршаған ортаны күтіп ұстау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткен шараға атсалысты. Әр мекеме өзіне бекітілген аумақта жұмыс жүргізіп, айналасын ретке келтірді.
Сенбілік барысында қоқыс пен түскен жапырақтар шығарылып, мекемелерге іргелес орналасқан аумақтар ретке келтірілді. Негізгі назар қоғамдық кеңістіктердің ұқыпты ұсталуына және айналаны абаттандыруға аударылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, туған жерге жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Республика күні қарсаңында өткен сенбілік те осы мақсатты көздеп, ортақ іске әр азаматтың үлес қосуы маңызды екенін көрсетті.
Әдемі Ғазизова,
Теректі ауданы