Басқосуға аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, ауылдың үлкендері мен түрлі жастағы тұрғындар қатысты.

Шара барысында Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы айтылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Қатысушылар назарына патриоттық тақырыптағы бейнеролик ұсынылды.
Мерекелік бағдарлама танымдық квест ойынымен жалғасты. Қатысушылар Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға қатысты тапсырмаларды орындап, білімдерін ортаға салды.
Бұдан кейін басқосу әдеби-музыкалық бағдарламаға ұласты. Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін дәріптейтін өлеңдер мәнерлеп оқылып, домбырамен күй орындалды. Көрермендер арасынан да Республика күніне арналған өлең оқылып, мерекелік шараның мазмұнын толықтырды.

Шара барысында ауылдың үлкендері сөз алып, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Ел егемендігінің қадірі мен тәуелсіздіктің құндылығы жөнінде ой бөлісіп, мерекелік лебіздерін білдірді.
Басқосу аясында «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге еліміздің тарихы, тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтары мен жетістіктері туралы әдебиеттер қойылып, оларға шолу жасалды.
Мерекелік шара соңында «Саған кітап арнадым» акциясы аясында аудандық жастар ресурстық орталығы Теректі аудандық кітапханасына кітаптар табыстады.

Республика күніне арналған тағылымды басқосу түрлі жастағы ауыл тұрғындарының басын қосып, ел тарихын танытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталды.
Әдемі Ғазизова,
Теректі ауданы