10.11.2026, 15:15
Оқылды: 26

Үкіметте өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу мәселелері қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп жазады primeminister.kz. 

5447644855514373808 (1)

Аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, өңірлерде оңалту орталықтарын салу, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС қоймалық инфрақұрылымының құрылысы мәселелері қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарының іске асыру мерзімдерін сақтау, уақтылы қаржыландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті медициналық бұйымдармен жабдықтауды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале