18.11.2026, 11:30
Оқылды: 7

МӘМС аясында көпбалалы анаға күрделі гинекологиялық ота тегін жасалды

Теректі ауданының тұрғынына Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында гинекологиялық ота тегін жасалды.

жп медицина базартөбе (8)

Көпбалалы ана екі жылдан астам уақыт гениталды пролапс диагнозымен есепте тұрған. Жуырда медициналық ұйымның жолдамасымен елордаға барып, қажетті отасын жасатқан. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы.

Аға акушер Ұлпан Ғалымжанованың айтуынша, пациент отаға дейінгі қажетті зертханалық талдаулар мен диагностикалық тексерулерден МӘМС есебінен тегін өткен.

«Ота сәтті аяқталды, пациенттің қазіргі жағдайы жақсы. Ем нәтижесіне де көңілі толады. МӘМС жүйесі арқылы ауыл тұрғындары да жоғары мамандандырылған медициналық көмек алып, күрделі әрі қымбат оталарды тегін жасату мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл бізді, медицина қызметкерлерін, қуантады», – дейді Ұлпан Ғалымжанова.

Ал пациент көрсетілген медициналық көмекке ризашылығын білдірді.

«Мен көпбалалы анамын. Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында гинекологиялық отаны МӘМС аясында тегін жасаттым. Ота сәтті өтті, қазіргі жағдайым жақсы. Ем қабылдау барысында қолдау көрсеткен барлық медицина қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін», – дейді Теректі ауданының тұрғыны.

МӘМС жүйесі медициналық көрсетілімдер болған жағдайда азаматтарға тұрғылықты жеріне қарамастан, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Сымбат Қыпшақбай,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале