19.11.2026, 19:00
Оқылды: 1

Қазақстандық онкологтар отандық биоматериалмен сүт безін қалпына келтіру технологиясын енгізді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандық онкологтар отандық биоматериалды қолдану арқылы сүт безін қалпына келтірудің реконструктивті хирургия технологиясын енгізді.

InShot_20261119_183611582

Фото: DenMinPR

Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында бір жарым жыл ішінде ісікті алып тастаумен қатар 120-дан астам пациентке бір мезгілде реконструкциялық операция жасалды, ал 2026 жылғы шілдеде отандық X-Graft матриксі мемлекеттік тіркеуден өтіп, клиникалық тәжірибеде қолдануға рұқсат алды.

​ҰҒОО тері және жұмсақ тіндер ісіктері, реконструктивті хирургия секторының аға ординаторы Бауыржан Әнапияның айтуынша, мамандардың басты мақсаты — импорттық қымбат материалды алмастыру ғана емес, оны нақты хирургиялық міндетке бейімдеп, патенттелген өзіндік әдістеме арқылы пациенттердің өмір сапасын сақтау. Хирург алдағы уақытта ұзақ мерзімді нәтижелер бағаланып, мұндай озық операциялар елордада ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі әйелдерге қолжетімді болатынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале