19.11.2026, 21:00
Оқылды: 0

Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азия ойындарының алтын жүлдегерлеріне берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға ұлғайтылғанын мәлімдеді.

Ақша JP 111

Фото: zhaikpress.kz

«Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін беріледі», – деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале