20.11.2026, 11:30
Оқылды: 33

Миланда Қазақстан киносының күндері өтті

16-19 қараша аралығында Италияның Милан қаласында Қазақстан киносының күндері өтті. Іс-шара отандық фильмдерді шетел көрермендеріне танытуға және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға арналды.

 4aa52bcfa7f3a983d727dc5d9f94a26f157bee91ee107edebc7bf1329a4c162f_1280x720
CityLife Anteo кинотеатрында өткен ашылу салтанатына Қазақстанның Италиядағы елшілігінің, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының және отандық кино саласының өкілдері қатысты.

Көрерменге үш қазақстандық туынды ұсынылды. Олар – ана махаббаты мен қайсарлықты арқау еткен «Анаға апарар жол» тарихи драмасы, сақ патшайымы туралы «Томирис» фильмі және қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың өміріне арналған «Әміре» өмірбаяндық картинасы.

Миландағы көрсетілімдер отандық киноның халықаралық деңгейде танылуына, екі елдің мәдени байланысының кеңеюіне және шетелдік көрермендердің Қазақстан тарихы мен мәдени мұрасын жақынырақ білуіне ықпал етті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале