
CityLife Anteo кинотеатрында өткен ашылу салтанатына Қазақстанның Италиядағы елшілігінің, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының және отандық кино саласының өкілдері қатысты.
Көрерменге үш қазақстандық туынды ұсынылды. Олар – ана махаббаты мен қайсарлықты арқау еткен «Анаға апарар жол» тарихи драмасы, сақ патшайымы туралы «Томирис» фильмі және қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың өміріне арналған «Әміре» өмірбаяндық картинасы.
Миландағы көрсетілімдер отандық киноның халықаралық деңгейде танылуына, екі елдің мәдени байланысының кеңеюіне және шетелдік көрермендердің Қазақстан тарихы мен мәдени мұрасын жақынырақ білуіне ықпал етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі