21.11.2026, 14:30
Оқылды: 21

Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында балаларды үйде оңалту жобасы басталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 қарашадан бастап «QH – балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында іске қосылды.

istockphoto-2257316445-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Бастаманы Петропавл және Ақтау қалаларындағы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының облыстық филиалдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Инклюзия департаментінің директоры Ғазиза Иманғалидің айтуынша, жоба балалардың жеке маршруты бойынша үйде тұрақты жаттығуына және FSM Social жүйесі арқылы мамандардың қашықтан қадағалауына негізделген.

​Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Аягөз Сейтзадина шалғай ауылдағы отбасылардың жолға уақыт жоғалтпай, күн сайынғы өзгерістерді цифрлық күнделікке тіркеп отыру мүмкіндігіне назар аударса, Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мүминат Мусина отбасыларға құралдарды таңдап, реттеу және пайдалануға үйрету жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Жоба аясында кресло-арбалар мен вертикализаторлар уақытша тегін беріледі; бұған дейін бастамаға 691 бала қатысып, олардың функционалдық дағдыларында 550 оң өзгеріс тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале