21.11.2026, 15:30
Оқылды: 56

Елде 11 жаңа колледж ашылады — министрлік

Елдегі колледждердің жанында 45 мың орынға арналған 600-ден астам жатақхана бар. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлім етті, деп хабарлайды qazaqparat_kz. 

ЖП колледж Мәди Салық

Фото: Мәди Салық

— Қазір Қазақстанда 763 колледж жұмыс істеп тұр. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында жалпы сыйымдылығы 16 000 орынды құрайтын 11 жаңа колледж салу жоспарланған. Бұл жастар үшін оқу жағдайларын жақсартып, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтеді, — деді Жайық Шарабасов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале