21.11.2026, 16:30
Оқылды: 44

Сот FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар құқығын бұзуына қатысты министрлік талабын қолдады

​Сот FlyArystan әуе компаниясының жолаушыларының құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің талаптарын қолдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

InShot_20261121_141558205

Фото: saudagovkz

Жолаушы өтініші негізінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Алматы және Астана қалалары бойынша аумақтық департаменттер жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде әуе тасымалдаушының ішкі қағидаларында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, компания тасымалдау талаптарын біржақты өзгертіп, өз жауапкершілігін шектеген, жекелеген алымдарды заңсыз өндіріп, жолаушылардың қаражатты қайтару және жазбаша наразылық білдіру құқықтарын шектеген.

​Тексеру қорытындысы бойынша берілген заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы әуе компаниясы сот тәртібімен даулауға тырысқан. Алайда 2026 жылғы 21 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әуе тасымалдаушының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартып, кейін Алматы қаласының апелляциялық сатысы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Осылайша сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының авиация саласында бақылау жүргізу өкілеттігі мен берілген нұсқаманың негізділігін толық растады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале