Бөкей ордасы ауданында оркестр мүшелері мен аудандық музыка мектебінің шәкірттеріне 20 домбыра табысталды.

Бұл ұлттық аспаптарды Бөкей хандығы мен Хан ордасының 220 жылдығына, сондай-ақ Жәңгір мектебінің 185 жылдығына арналған салтанатты шара кезінде Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен қоғам қайраткері, меценат Оразғали Қарашегенов атаған болатын.
Уәде етілген 20 домбыра ауданға жеткізіліп, өнер ұжымдары мен жас музыканттарға тарту етілді. Жаңа аспаптар оркестр құрамы мен музыка мектебі оқушыларының шеберлігін шыңдап, аудандағы мәдени шаралардың өтуіне серпін беретіні атап өтілді.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы