3.04.2018, 17:37
Оқылды: 47

БҚО-да индустрияландыру картасы аясында 10 жоба жүзеге асырылады

DSC_0065Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы А.Жалмағамбетов айтты.

 Индустрияландыру картасы аясында аясында II бесжылдықта 1340 тұрақты жұмыс орын құруымен жалпы құны 84,4 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде 2015-2016 жылдары жалпы құны 73,1 млрд.теңгеге 12 инвестициялық жоба іске қосылды, 1800 жұмыс орны құрылды. 2017 жылы сомасы 8 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылды. 782 жұмыс орны құрылды (536 тұрақты жұмыс орны).

- Биыл 10 жобаны іске асыру жоспарда бар. Қазіргі таңда сомасы 3,3 млрд.теңгеге 6 жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Шамамен жаңадан 200 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Жобалар қатарында мал шаруашылығы қалдықтарын өңдеу цехы құрылысы («Кублей» ЖШС);  сэндвич-панельдер шығаратын зауыт құрылысы («Агран» ЖШС);  химиялық өндіріс базасының құрылысы («Топан» ЖШС);  кірпіш зауытының құрылысы («134» ЖШС);   бетон араластыру цехы («Global Procurement» ЖШС); кондитерлік өнімдер шығаратын цехтың жаңғыртылуы («Хасанов» ЖК) бар, - деді А.Жалмағамбетов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале