Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Ұл-қыздарға әткеншек, швед қабырғасы және басқа дүниелері бар бұл әсем алаңды 1983 жылы мектеп бітірген түлектер сыйлады. Осы істің бастамашысы Ерлан Темірғали бүгінде Базаршолан ауылдық округінің әкімі.
Осыған дейін демеушілер Қабыршақты мен Мерген ауылдарында балалардың ойын алаңын салып берген еді.
Еңлік АЙБАР
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер