4.11.2019, 17:56
Оқылды: 41

SES сарапшысы Оралға келді

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Германияның Баден-Вюртемберг қаласынан келген SES сарапшысы, қоғамдық-саяси ғылымдарының докторы Вернер Нойнциг оқытушылар мен студенттерге дәріс беруде.

bqitu (3)

Вернер Нойнциг аптасына төрт рет компанияны қалай құру керектігін, ұйымдар мен кәсіпорындарды басқару, іскерлік әкімшілік негіздері,бизнес-жоспарлау, маркетинг, өндіріс және логистика саласы бойынша білгенін үйретіп, өз тәжірибесімен бөліседі.

bqitu (5)

«SES Германияның жетекші қоғамдық ұйымы. Ол қоғамдық негізде консультациялық қызмет көрсетіп, әр түрлі саламамандарын біріктіріп отыр. Аталмыш ұйым барлық мүдделі тұлғаларға зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзінің білімі мен іскерлігін өз елінде де, шетелдерге де шығып үйретуге мүмкіндік береді. Азия мемлекеттерінен тек Қытайда ғана болдым. Міне, енді, Қазақстанның батыс өңіріне табаным тиіп отыр. Оқытушылар мен студенттердің дәріс тыңдағанда ықыластары өте жақсы. Жалпы SES сарапшыларын шақыру университеттің бәсекеге қабілетін арттырады», - дейді Вернер Нойнцинг.

bqitu (7)

Аталмыш университеттің тілдер және менеджмент факультетінің халықаралық қатынастар бөлімінің ғылыми қызметкері Бақыт Оразованың айтуынша, оқытушылар мен студенттердің білім-біліктілігін арттыруды университет басшылығы қашан да бірінші орынға қояды. Сондықтан жылда SES сарапшыларын шақыртады екен.

Есенжол Елекенов

БҚИТУ-дың баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале