24.06.2016, 13:54
Оқылды: 26

«Айбындықтар»  абыройымен оралды

aibyndyktar abroimen oraldyАлматы қаласында өткен әскери және спорттық бағыттағы байқаудың республикалық деңгейінде Шыңғырлау ауданының оқушылары жеті түрлі номинация бойынша жүлделі орындарға ие болып қайтты.


Биылғы жылдың мамыр айында облыстық «Айбын» әскери – патриоттық жастар жиынының кезекті сайысы болып өтті. Аталмыш сайысқа Шыңғырлау ОЖББМ-нің 14-18 жас аралығындағы оқушыларынан команда құрылып, белсенді өнер көрсетіп қайтты. Жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, қарулы күштер қатарында және құқық қорғау органдарында қызмет етуге бейімділік, соған қажетті дағдылар мен икемділікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту секілді мақсаттар көзделген сайыста өрендеріміз мақсат өресінен шыға білді.

Сайыс негізінен әскери және спорттық бағытта болғандықтан, онда турникте тартылу, брусьяда жаттығу өнерін көрсету, пневматикалық винтовкадан ату, толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру және бөлшектеу, 100 метр қашықтыққа жүгіру, таянып жатып қолды бүгіп – жазу, арқасымен жатып денені көтеру, противогазды кию, жалпы әскерлік қорғаныш жинағын кию, кешенді күш жаттығулары, әскери – медициналық дайындық (алғашқы таңғыш салу, жарақат алған адамды эвакуациялау), арқан тарту секілді спорт түрлері бойынша жан – жақты сыналды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі И.Бикетеев пен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж.Успанов өздері дайындаған өрендердің мектебіміздің мәртебесін көтеріп, ауданымыздың абыройын асқақтатқанына дән риза.

Сайыс барысында Ильяс Мурзакешов «противогазды кию» сайысы бойынша  I орын иеленсе, «кешенді күш жаттығулары» сайысы бойынша  Евгения Потапова II орын алды. Ал «әскери-медициналық дайындық» сайысы бойынша Динара Акбалеева, Ару Маратова және Бибігүл Өтепбергенова I орынды қанжығасына байлап,  Республикалық сайысқа жолдама алған болатын.

 

www.zhaikpress.kz
Хамидолла  Ислямкулов,
Шыңғырлау ОЖББМ
тәрбие ісінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале