13.04.2016, 10:50
Оқылды: 21

Ардагерлер арасындағы біріншілік

????????????????????????????????????

     Жәнібек аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдары қалт еткенде ардагерлер үйінде бас қосып шахмат, дойбы, бильярд ойнап, өздерінің бос уақыттарын мәнді де мазмұнды өткізеді. Сол арқылы жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға, олардың спортпен шұғылданып, қоғамымыздың дені сау, санасы сергек азаматтары болып қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның нақты дәлелі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бильярдтан ардагерлер арасында ұйымдастырылған аудандық біріншілік.


     Оған барлығы он ардагер қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде басқалардан басым түскен спорт ардагері Тельман Ғұсманов бірінші, Г.Дегетаев екінші және екі үшінші орынды Уахит Сариев пен Жәдігер Мұстафин өзара бөлісті. Оларға медальдар мен дипломдар табыс етілді. Ал, Ерсайын Күншығаров пен Құрмет Шаматов «Шебер ойыншы» аталымдарына ие болып, дипломдармен марапатталды.

 www.zhaikpress.kz

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале