28.05.2015, 13:41
Оқылды: 26

Атырау облыстық ҚАЖД басшысы жол апатынан қайтыс болды

Avaria  Кеше Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қайтыс болды деп хабарлайды Baq.kz – порталы. 

Оқиға кеше кешкі сағат 17.30-дар шамасында Атырау-Орал тас жолының 270-ші шақырымында Атамекен ауылының маңында орын алған. 48 жастағы департамент басшысы Николай Шемакин Атыраудан Оралға қарай жолға шыққан көрінеді. Көліктің тізгінінде оның 1991 жылы туған жүргізушісі болған.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып кеткен. Салдарынан Н.Шемакин қайтыс болып, жүргізушісі ауыр жарақаттармен Тайпақ ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале