15.05.2015, 16:57
Оқылды: 31

Жаңақаладағы жиында тұтынушы құқығы сөз болды

Janakala tytinushi kykigi soz boldi  Жаңақала ауданында тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқармасы бірлескен іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесуге аудан кәсіпкерлері, бөлім басшылары, аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен мамандары шақырылды.

   Кездесуде кәсіпкерліктің өсуі және одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздер қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық мәселелері талқыға салынды.

   Жиында аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Р.Ибрагимов кәсіпкерге қатысты заң талаптарынан құлағдар етсе, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Әбжанов салық заңнамасындағы өзгерістерден, аудандық әділет басқармасының басшысы Ф.Аманғалиева субьектінің тіркеу, қызмет көрсетудегі жеңілдіктер турасында егжей-тегжейлі түсіндірді.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале